Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 37 жастағы ер адам жалдамалы пәтерінде өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Қайғылы оқиға Сарыкөл ауданында болған. Көршілер екіқабатты тұрғын үйден түтін шығып жатқанын байқаған.

«Тұрғын үйдің бірінші қабатында 2 шаршы метр аумақта жиҺаздар жанып кеткен. Оқиға орнынан 37 жастағы ер адамның денесі табылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Алдын ала болжам бойынша, өрт темекі шегу кезінде отты абайсыз қолданудан шыққан. 37 жастағы ер адам бұл үйді жалдап тұрған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы факт бойынша ресми мәлімет таратқан жоқ.