Қостанай облысында тұрғын үйде болған өрттің салдарынан екі әйел қаза тапты
АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Красная Пресня селосында тұрғын үйде болған өрттің салдарынан екі әйел қаза тапты,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
120 шаршы метр ауданға жайылған өрт сөндірілген кезде оқиға орнынан екі әйелдің денесі табылды.
Тілсіз жау Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күшімен сағат 05.03-те ауыздықталды.