Қостанай облысында түзету мекемесінің айдауылы өзіне қол жұмсаған

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат- Рудныйда уақытша ұстау изоляторының айдауылы өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 1 қазан күні болған. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық прокуратурасы растады.

«Сағат 01:30-да 24 жастағы Рудный қаласы уақытша ұстау изоляторының айдауылы өзін табельді тапаншамен атқан. Алдын ала болжам бойынша, түзету мекемесі қызметкері бойжеткенмен арадағы келіспеушіліктен соң суицидке барған», - делінген облыстық прокуратура баспасөз қызметі хабарламасында.

Осы факт бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен тергеу шаралары басталды.

Соңғы жаңалықтар