17:16, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Қостанай облысында «Тың - 2009» атты ХХІV спартакиада өтті
ҚОСТАНАЙ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Меңдіқара ауданының орталығы Боровское ауылында «Тың - 2009» атты Қостанай облысының ХХІV спартакиадасы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның ашылуында облыс әкімі Сергей Кулагин болды. Жарысқа 1 300-ден астам спортшы қатысты. Олар, баскетбол, бокс, еркін күрес, дзюдо, қазақша күрес, волейбол, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, тоғыз құмалақ және футбол секілді спорттың 13 түрінен жарысқа түсті. Ат спорты түрлері ат жарысы, бәйге, аударыспақ, қыз қуу және көкпарды қамтыды.
Қостанай облысының келесі жылғы мерейтойлық спартакиадасы Қостанай ауданының аумағында өткізіледі.