Қостанай облысында үш адам көліктің ішінде иіс тиіп уланды

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Рудный қаласында «Фольксваген» автокөлігінің ішінде үш адам иіс тиіп, уланып қалды,

 Қостанай  облысында   үш  адам  көліктің ішінде  иіс тиіп уланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға ақпанның 15-інде №9 Гараж бірлестіктері қауымдастығының №16 гаражында орын алған. Автокөліктің ішінде 44-45 жастағы екі еркек пен 50 жастағы бір әйел қайтыс болған. Сол күні Қостанай ауданының Заречный кентінде де дәл осындай оқиға орын алып, гаражда «ВАЗ-2121» көлігінің ішінде 18 жастағы жігіт иіс тиіп уланып, қайтыс болған.