Қостанай облысында үсік жүруі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«4 қыркүйекте Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерге тұман түсіп, топырақтың бетінде 1-3°С үсік болады, күндіз кей жерлерге бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.