Қостанай облысында үйден өрт шығып, екі адам мерт болды

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Федоровский ауданына қарасты қарасты Пешковка ауылындағы жекеменшік үйде кеше 16:23-те өрт шықты.

Қостанай облысында үйден өрт шығып, екі адам мерт болды

Тілсіз жаумен ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның 8 адамы күресті. 57 шаршы метр жер отқа оранды. Оқиға орнынан 1960 жылы туған ер адам мен 1946 жылы туған әйел адамның мәйіттері табылды.