Қостанай облысында ұйықтап қалған ана 4 айлық баласын тұншықтырып алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 24 жастағы ана абайсыздан 4 айлық сәбиін тұншықтырып алды.

Қостанай облысында ұйықтап қалған ана 4 айлық баласын тұншықтырып алған

«Таранов аудандық соты ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды. Іс материалдарына қарағанда, 5 маусымда төрт айлық нәрестенің 24 жастағы анасы таныстары және туыстарымен өзінің туған күнін тойлап, ішімдік ішкен. Келесі күні таңертең күйеуі жұмысқа кеткенде өзінің қасына сәбиді жатқызып емізген. Ол ұйықтап кетіп, біраздан соң оянғанда баланың жансыз жатқанын байқады», - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес бала мұрны мен аузының жабылуы салдарынан қаза тапқан.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танылды. Оған қатысты бақылау орнату арқылы бір жыл бостандығын шектеу жазасы қолданылды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.