Қостанай облысында зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған екі жергілікті тұрғын қолға түсті

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қостанай облысында зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған 29 және 34 жастағы екі жергілікті тұрғын қолға түсті. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрілгінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Қостанай облысында зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған екі жергілікті тұрғын қолға түсті

Оның атап өтуінше, Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының Юльевка ауылында, қаңтар айының ортасында, өз үйінен зорлық-зомбылық белгілері бар 87 жастағы қарттың мәйіті табылған. Кейінірек мәлім болғанындай, араққа сылқия тойып алған екі азамат мерт болған қарттың үйіне келіп, ақша талап еткен. Талаптарына мойынсұнбаған кейуананы қарақшылар кереуетке байлап қойып, ұрып-соққан.

«Бұдан соң, үйден ақша іздеп таба алмаған олар, зейнеткерді байлаулы күйде қалдырып, іздерін суытқан. Зейнеткердің мәйітін алдымен оның үйіне кездейсоқ келген көршісі тауып алып, полицияға хабар берген. Осы әрекет бойынша ұсталған 2 азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың үстінен, соңы өлімге алып келген, дене жарақатын салды және қарақшылық шабуыл жасады деген фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деді ресми өкіл.