Қостанай облысында жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты, бір адам көз жұмды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Лада Приора» мен КамАЗ көліктерінің соқтығысуы салдарынан орын алған ірі жол апатында бір адам қаза болып, үшеуі жарақаттанды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, «Лада» жүргізушісі рульге ие бола алмай жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл көліктің 55 жастағы жолаушысы қаза тапты.
«Үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Екі көліктің жүргізушісі де ішімдік ішпегені анықталды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы ауыр деп бағалануда, олардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Соталды тергеу басталды.