19:52, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
Қостанай облысында жеңіл көлік жылқымен соқтығысты
ҚОСТАНАЙ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Қостанай-Әулиекөл күре жолының 41-ші шақырымында жол көлік апаты орын алды. Нақтырақ айтқанда жеңіл көлік пен жылқы соқтығысты.

Оқиға 3 наурызда, шамамен сағат 22.30-да болды. ІІД баспасөз қызметінің басшысы Елена Кашаринаның сөзіне қарағанда, Әулиекөл ауданына бағыт алған«Фольксваген-Вента» маркалы көліктің 38 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, кенеттен жолға шыққан жылқымен соқтығысып қалған.
«Көліктің ішінде 3 жолаушы, сонымен қатар, 1 бала болған. Үлкендер ми шайқалу диагнозымен дене жарақатын алды. Олар Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілді. Маңдайынан жарақат алған 7 жасар қыз амбулаторлы ем қабылдауда. Жылқы өлді», - деді Е. Кашарина.