Қостанай облысында жеңіл көлікке соқтығысқан мотоциклші қаза тапты
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайда скутер жүргізушісі «Ауди» маркалы автомобиліне соқтығысып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Қостанай және Тобыл қалаларын жалғап тұрған көпір үстінде болған. Жол-көлік оқиғасының фотосуреттері әлеуметтік желілерде тарап кетті.
62 жастағы скутер жүргізушісі бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан «Ауди» көлігіне соқтығысқан.
«Мотоцикл жүргізушісі жедел-жәрдем көмегі келгенше көз жұмды. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды» деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.