Қостанай облысында жоғалған əйел өлі табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат  - Əйелдің өлі табылғаны туралы еріктілерге оның сіңлісі хабарлаған, деп жазады Қостанай қаласы қоғамдық қауіпсіздік кеңесі.
None
None

«Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Енді іздеуді тоқтатуға болады. Əпкем   қайтыс болды. Басқа ештеңе айта алмаймын», - делінген сіңлісінің хабарламасында.

Марқұмның артында ұлы мен қызы қалды.

Еске салсақ, 42 жастағы Ольга Горбунова 4 қазан күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Ол жақындарына ауылдан 10 минуттық жерде орналасқан дүкенге кеткенін айтқан. 

Соңғы жаңалықтар