20:33, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Қостанай облысында жол жөндеу кезінде арнайы техника бір жұмысшыны басып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді кентінде жол жөндеу барысында арнайы техника жұмысшыны басып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД түсінік бергендей, 6 шілде күні Арқалық-Амангелді бағытындағы тас жолда жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 46 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл фактіге сәйкес Амангелді АІІБ полицейлері ҚР ҚК 277-бабы 2 тармағы «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.
47 жастағы арнайы автотехниканың жүргізушісі ер адамды басып кетіп, соның салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмған. Сараптама тағайындалды.