Қостанай облысында жолаушы пойыздарының жүру кестесі өзгерді

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында жолаушы пойыздарының жүру уақытына өзгерістер енді. Карантиндік шаралар кезіндегі жол жүру кестесі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында жолаушы пойыздарының жүру кестесі өзгерді

Енді «Қостанай-Алматы» бағыты жұп күндері, «Қостанай-Қарағанды» бағыты тақ күндері қозғалады.

«Аталмыш пойыздарға алдын ала ресімделген билеттерді қайтару тасымалдау ережелерінде белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте жол жүру құнының сомасы ұсталмайды», - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Қостанай» бөлімшесі филиалының директоры Вячеслав Миронов.

Сонымен қатар «Қостанай» бөлімшесі бойынша өтетін барлық пойыздар үшін аялдамалар саны қысқартылды. Атап айтқанда, «Қостанай-Алматы», №57/58 «Орал - Нұр-Сұлтан», №621/622 «Қостанай – Арқалық», 327/328 «Қостанай-Қарағанды», 47/48 «Атырау - Нұр-Сұлтан» бағыттары күнделікті жүрмейді. Пойыз тек ірі және пойыздарды ретке келтіру станцияларында аялдайды.