Қостанай облысында жолдағы адамдар қар құрсауынан құтқарылды
КОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Арқалық-Державинск» және «Арқалық-Торғай» тасжолдарында бөгеліп қалған адамдар құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі, жергілікті ТЖД сілтеме жасап.
Құтқару операциясы 6 наурыз күні Арқалықта өтті.
«Арқалык - Державинск» автожолының 20 шақырымында қар құрсауында қалған автомобиль құтқарылды. Көлікте төрт адам болған, оның ішінде бала да бар. Олар Арқалыққа жеткізілді. «Арқалық-Торғай» жолынан да бір адам құтқарылды»,-деп хабарлайды ведомство.