Қостанай облысында жүк вагонының жолдан шығып кетуінің салдарынан тоқтатылған қозғалыс қалпына келтірілді

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Наурыздың 26-сы күні сағат 19.25-те Қостанай жол бөлімінің Апановка - Притобольская аралығында (180 шақырымның 7-ші пикеті) №3465 жүк пойызының құрамындағы №60648920 жүк вагоны жолдан шығып кетті.

Қостанай облысында жүк вагонының жолдан шығып кетуінің салдарынан тоқтатылған қозғалыс қалпына келтірілді

Осының салдарынан пойыздар қозғалысы тоқтатылып, наурыздың 27-сі күні сағат 03.00-де жол қозғалысы толығымен қалпына келтірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оқиға «Қазтеміртранс» АҚ жеке меншік иелігіндегі №60648920 жүк вагонының 2-ші арбашасының сол жақ бүйір рамасының сынуы салдарынан болған. Вагон 2008 жылы Рослав вагон жөндейтін зауытында құрастырылған, бүйір рамасын сол жылы «Промстройтрактор» кәсіпорны (Чебоксары қ.) жасаған.