14:15, 30 Шілде 2018 | GMT +6
Қостанай облысында жұмысшысы қаза тапқан кәсіпорын басшысы сотталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың №2 сотында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 21 жастағы жұмысшысы қаза тапқан ЖШС директорына үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Достар-09» ЖШС директоры Дмитрий Шудегов ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ҚК 55-бабының 3-бөлігін ескере отырып, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостындығынан айыру жазасына кесілді. ҚК 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес, пробациялық бақылау орнатылады», - деп мәлімдеді қалалық сот өкілдері.
Айта кетейік, Шудегов айыбын мойындау туралы прокурормен процессуальдық келісімге келген болатын.
Еске сала кетейік, мамыр айында Қостанайдың солтүстік-батысындағы «Юбилейный» тұрғын үй кешенінің жанынан ер адамның денесі табылған болатын. 21 жастағы жігіт жергілікті ЖШС-тің жұмысшысы болған.