Қостанай облысындағы ірі көлік апатынан бір адам көз жұмып, жетеуі жараланды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«11 наурыз күні сағат 16.30 шамасында Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолында ірі жол апаты болды. 34 жастағы ер адам мінген «Ваз-21124» көлігі жолдың қарсы бетінде келе жатқан «Nissan Primera» көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Ваз-21124» көлігінің 59 жастағы жолаушысы көз жұмды. Көліктердегі қалған 7 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - делінген полицияның ақпаратында.

Қазір осы дерек бойынша соталды тергеу шаралары басталды. Жыл басынан бері өңірде 54 жол-көлік оқиғасы болып, 9 адам көз жұмған. Полицейлер көктем уақытында жолда барынша сақ болуды ескертеді.


Соңғы жаңалықтар