Қостанай облысындағы көп қабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Қарабалық кентінде көп қабатты үйдің балконы опырылып түсті, деп хабарлайды «Аlau» порталы.
None
None

Қарабалық кентінің әкімі Қанат Сәкеновтің хабарлауынша, Титов көшесіндегі екі қабатты үйдің балконы опырылған. Бұл үй 1980 жылы салынған. Құрылыс жұмыстары батпақты жерде жүргізілген. Үйде 32 адам тіршілік кешіп жатыр. 

«Әр көктемде бұл үйдің жертөлесін су басады. Бұл жолы да жер асты суы жырып өткен. Балкон опырылған кезде қуанышқа орай, онда ешкім болмаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ары қарай балконды бөлшектеу керек болды. Апатты жедел түрде жойды. Адамдар эвакуацияланды», - деді Қарабалық кентінің әкімі Қанат Сәкенов.

Үйден жедел түрден 16 адам, соның ішінде екі бала шығарылды. Оқиға орнында энергетиктер, газшылар жұмыс істеді. ТЖ қызметінің дерегі бойынша, ғимараттың опырылу қаупі жоқ. 

Соңғы жаңалықтар