Қостанай облысындағы өртті сөндіруге 250 теміржол қызметкері жұмылдырылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы өртті сөндіруге 250 теміржол қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге 250 теміржол қызметкері жұмылдырылды

«Оқиға орнында 5 өрт сөндіруші пойыз жүр. Олар өрт сөндірушілерге су жеткізіп, инфрақұрылым нысандарын қорғайды. Өрт сөндіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Орман өрті салдарынан денсаулығына зақым келгендер туралы мәлімет жоқ. Инфрақұрылым нысандарының бүліну деңгейі нақтыланып жатыр»,-делінген хабарламада.

Орман өрті пойыздардың жүру кестесіне өзгеріс енгізді. 4 қыркүйек сағат 01:00-дегі жағдай бойынша 11 жүк және 6 жолаушылар пойызы тоқтатылды.