Қостанай облысындағы су басқан Суриковка кентінде ұзындығы 2 шақырым бөгет салынды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы су басқан Суриковка кентінде ұзындығы 2 шақырым бөгет салынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлв хабарлады.
«Шишикин ауылдық округінің Суриковка кентінде ТЖ-ны жою бойынша жедел штаб ұйымдастырылды.
Су басқан жерге ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитетінің күштері мен құрылымдары жіберілді. 2016 жылғы 15 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, кентте 20 үй, 5 ауланы су басқан. 55 адам, соның ішінде 15 бала мен 7 зейнеткер қауіпсіз жерге шығарылды, соның ішінде 21 адам Суриковка бастауыш мектебінде орналастырылды. 152 бас ірі қара мал, 2 бас ұсақ мал, 135 шошқа, 4 жылқы қауіпсіз жерге айдалды», - делінген хабарламада.
Эвакуацияланғандар Суриковка орта мектебінде және туыстарының үйінде орналастырылды, зардап шеккендер және ТЖ орнында жұмыс істеп жатқандар үшін тамақ берілетін орындар ұйымдастырылған.
Ведомствоның ақпаратынша, Қостанай аудандық ІІБ-нің қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың материалдық құндылықтарын қорғау бекеттері қойылды. Құтқарушылар қайықтармен тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырды, қосымша жарық берілді.
«2016 жылғы 14 сәуірдегі сағат 23:00-дегі жағдай бойынша ұзындығы 2 шақырымға жуық бөгет салынды, елді мекенге су келуі тоқталды. ТЖ-ны жою жұмыстарына 95 адам мен 37 техника қатысуда», - деп атап өтілді хабарламада.