Қостанай облысының 12 ауылы картадан алынып тасталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар шешімімен Ұзынкөл ауданының 12 ауылы қысқартылды.

Қостанай облысының 12 ауылы картадан алынып тасталды

Мұндай шешім кемінде 50 адам ғана қалған елді мекендерді сақтау орынсыз деп санаған биліктің атқарушы және уәкілетті өкілдерінің пікірі ескеріліп қабылданды.

Бұл тізімге Березово, Борки, Долинка, Қаратал, Камышловка, Қаратомар, Карл Маркс атындағы, Нововасильев, Өгізбалық, Починовка, Үйкескен, сондай-ақ Айдар ауылдары ілікті. Жеке мәртебесін жоғалтқан елді мекен тұрғындары Ұзынкөл ауданының неғұрлым көп адам шоғырланған ауылдарына көшірілді.