Қостанай облысының 199 ауылы дербес бюджетке көшті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының 199 ауылы дербес бюджетке көшті. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының 199 ауылы дербес бюджетке көшті

Облыс басшысы бүгін қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді. Жиында жергілікті өзін-өзі басқарудың проблемалары мен 2020 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары талқыға түсті.

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бүгінде облыстың 199 ауылдық округі дербес бюджетке көшкен. Ол ауылдарда мемлекет бағдарламалар кешенді түрде іске асырылуда.

«2019 жылға арналған Мемлекеттік микронесие беру бағдарламалары аясында облыстың ауылдық округтерінің кәсіпкерлерінен 495 өтініш келіп түсті. «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Әулиекөл, Меңдіқара, Қарасу, Федоров және Сарыкөл аудандарының бюджетінен ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша 34 жобаны іске асыруға қаражат бөлінді», - деп жазды аймақ басшысы.

Сондай-ақ Архимед Мұхамбетов селектор барысында Қостанай облысында Волонтёрлер жылының өтуі туралы баяндама тыңдады.

«2020 жылды ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев Волонтёрлар жылы деп жариялағаны белгілі. Бекітілген республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық волонтерлік жобалар 7 бағытта біріктіріледі. Біздің аймақ «Таза Әлем» бағытындағы еріктілердің қызметін қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету болып саналады. 15 мың адамды біріктіретін 80-ге жуық еріктілер ұйымы жұмыс істейді», - дейді облыс басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша ол қала және аудан әкімдеріне бюджеттің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдарға «Волонтерлер жылы» іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.