Қостанай облысының 31 жасар тұрғыны жаңа туған баласын өлтіріп, ауыл сыртына шығарып тастаған

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қостанай облысының Меңдіқара ауданына қарасты Красная Пресня ауылының 31 жасар тұрғыны өзінің жаңа туған баласын өлтіріп, ауылдың сыртына апарып тастаған.

Қостанай облысының 31 жасар тұрғыны жаңа туған баласын өлтіріп, ауыл сыртына шығарып тастаған

Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы оқиға бойынша жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижелері негізінде оның берген мәліметтеріне қарағанда, әйел азамат өзінің нәрестесін айдалада тұрған иесіз үйде ешкімнің көмегінсіз босанған. «Бұдан соң жаңа туған балаға бірнеше рет қайшы сұққан. Өлі денені ол қылмысын жасыру үшін күртесіне орап, ауылдың сыртына апарып тастаған», деді Қ.Жұманов.