Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов таңдауын жасады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы №1 мектеп-гимназиядағы сайлау учаскесінде таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дауыс беруге өңір басшысы жұбайымен бірге келді. Ол таңдауын жасаған соң тілшілерге сұхбат берді. Жергілікті атқарушы биліктің сайлауалды бірқатар шараларды жүзеге асырғанын жеткізді. Облыста 782 сайлау учаскесі уақытында ашылған, оның 21-і жабық учаскелер. 1 мамырдан бастап халықаралық байқаушыларға арналған көмек көрсету орталығы жұмыс істейді.null

«Бүгін 352 сайлау учаскесінде анықтамалық пунктер арнайы ашылып отыр. Ол өте ыңғайлы. Аймағымызда 580 мыңнан астам сайлаушы тізімде тұр. Облыс жұртшылығы бұған дейінгі президент, парламент сайлауларында жоғары белсенділік көрсетіп келді. Бүгін де сол жоғары деңгейде саяси науқанға атсалысады деген сенімім зор. Өңірімізде ауа райы қолайлы, барлық аудандар мен қалаларда көлікпен тасымалдау мәселесі шешілген. Осы тұрғыда сайлау әділ, заң бұзусыз өтеді деп сенемін», - деді өңір басшысы.null

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ тарапынан келген бақылаушылар саны оннан асады, ал ТМД елдерінен келген бақылаушылар - жетеу. Бұлардан бөлек, барлық партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмылып отыр. Әр учаскеге 7-12 бақылаушыдан келеді.

Дауыс беру барысын қадағалағандардың арасында швециялық Ребекка Палмер де бар..null

«Біз ЕҚЫҰ өкілдері ретінде келдік. Ел бойынша 300 бақылаушы жұмыс істеп жатыр. Әр облысты қамтыдық. Негізі, ұзақмерзімді бақылаушыларымыз да бар, бірақ, біз бүгінгі күндегі сайлау барысын қадағалаймыз», - деп атап өтті Р.Палмер.

Соңғы жаңалықтар