Қостанай облысының әкімі қазақ тілінде сөйлеуге уәде берді

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов қазақ тілінде сөйлеуге уәде берді.

Қостанай облысының әкімі қазақ тілінде сөйлеуге уәде берді

«Жас қазақ» газетінің «Әрбір қазақ бір-бірімен ана тілінде сөйлесе, тіліміздің мемлекеттік мәртебесі әлдеқайда өсетін еді. Елбасы әркім өзінен бастау керек деп айтқан. Мемлекет басшысы қазақша сөйлейді, біз сөйлейміз. Ал сіз өзіңізден бастап, қазақша сөйлейсіз бе?» деген сауалына облыс әкімі: «Енді, бұрын Қостанай жерінде қазақ халқының үлесі 17-ақ пайыз болған. Бүгінде жергілікті ұлттың саны 38 пайызға жетті. Оған Торғай облысының қосылғаны да өзінің оң әсерін тигізді. Мен өзім қазақша-орысша мектепте оқыдым. Институтты да орыс тілінде бітірдім. Біраз жыл бойы аудандық жұмыстармен айналысып, орысша сөйлеуге тура келді. Маған кішкене уақыт беріңіз, бәрін жасаймын», - деді Н.Сәдуақасов.

Балқаш жері қайтарылды
Ұқсас жаңалықтар

Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды