Қостанай облысының Қарасу ауданында тасқын су деңгейі төмендеді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Қарасу ауданында тасқын су деңгейі төмендеп, 24 адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/qr_tjm

«Қазіргі уақытта Тінтуір өзенінің деңгейі 40 см-ге дейін төмендеді.

Кошевой ауылына жақын жердегі гидробекетте өткен тәулікте су деңгейі төмендеп, 110 см құрады.

Өзендегі су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде 26 тұрғын үйге кірген су көлемі азайды. Құтқарушылар мотопомпалардың көмегімен үйлерден су сору жұмыстарын жалғастыруда.

Эвакуацияланған 39 адамның 24-і үйлеріне оралды, 15 адам туыстарының үйлерінде қалды», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, 4 сәуірде қардың қарқынды еруінен және Қарасу ауданындағы Тінтуір өзеніне еріген судың түсуінен өзен арнасынан тасыған болатын. Су басу аймағында 12 тұрғын үй және 40 үй аумағы қалды.

Кеше Төтенше жағдайлар министрлігі тасқын су кірген Қарамырза ауылында төтенше жағдаймен күрес жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар
Референдум