Қостанай облысының оңтүстігінде қырылып қалған киіктердің саны 543-ке жетті

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат -  Қостанай облысының оңтүстігінде қырылып қалған киіктердің саны 543-ке жетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Қостанай облысының оңтүстігінде қырылып қалған киіктердің саны 543-ке жетті

21 мамырда Орман және аң шаруашалығы Республикалық комиссия өкілдерінің, Жангелді ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының төрағасы, ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің басшысы құрамында болған комиссия киіктер қырылған - Сорша кентінен 20 шақырым жерге тікұшақпен барып,  аумақты зерттеп, мониторинг өткізді.

22 мамыр күнгі сағат 06.00-дегі жағдай бойынша қырылып қалған киіктердің 543 басы (олардың 4-уі еркек мал, 31-і төлдің баласы, 508-і ұрғашы мал) анықталды.

Бұған дейін 800 мал басы қырылғаны жайлы хабарланған болатын.