Қостанай облысының полицейлері алынған қарулардың 15 түрін жойды

ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің полицейлері шұғыл- алдын алу шараларының барысында алынған, сондай-ақ облыс тұрғындарының ішкі істер бөліміне өз еріктерімен тапсырған қарулардың 15 түрін жойды.
None
None

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Айгүл Балғабаеваның айтуынша, алынған қарулар Рудный қаласындағы құю цехында жойылған. Жою комиссиясы құрылып, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, прокуратура, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар