Қостанай облысының полициясы балалардың қауіпсіздігін қамамасыз етуге шақыруда
ҚОСТАНАЙ. 17 шілде. ҚазАқпарат - Қостанай облысының ІІД балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды алдын алу акциясын бастады, деп хабарлады Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қалалық жағажайды қамтамасыз ететін рейдтер басталды, қараусыз қалған кез-келген бала қайғылы жағдайға тап болуы мүмкін екендігін ескертетін жадынамалар таратылуда. Жол және патрульдік полиция қызметкерлері облыстың барлық тұрғындарынқамтып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.
Қостанай облысы ІІД басшысының орынбасары Атығай Арыстановтың сөзіне қарағанда, алдын алу шараларына денсаулық сақтау, білім, жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдары тартылатын болады.
Жыл басынан бері Қостанай облысының жолдарында 38 баланың жарақат алуына әкеп соққан 34 жол-көлік апаты болды, 36 адам, оның ішінде 10 бала суға кетті.