Қостанай облысының прокуратурасы республикалық «Тіл - татулық тірегі» конкурсының жеңімпазы атанды

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - «Тіл - татулық тірегі» атты республикалық конкурстың қорытындылары жарияланды. Қостанай облысының прокуратурасы республикалық конкурстың Гран-при иегері атанды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесі Қостанай облыстық прокуратурасының командасына, 1-орын - Бас прокуратураның командасына, 2-орын - Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының командасына, 3-орын Алматы облыстық прокуратурасының командасына берілді.

Жеңімпаз командалар естелік бағалы сыйлықтармен, Бас прокуратураның дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара соңында қызметкерлер Қазақстан Республикасы Президенті оркестрінің концертін тамашалады.

Соңғы жаңалықтар