Қостанай облысының су басқан Қарамырза ауылының тұрғындары үйлеріне оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысының су басқан Қарамырза ауылының тұрғындары үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтеше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

«Қазіргі уақытта Қарамырза ауылында еріген қар суы барлық 35 үй мен аула аумағынан кетті. Барлық эвакуацияланған ауыл тұрғындары өз үйлеріне оралды»,-делінген хабарламада.

Сонджай-ақ онда ТЖД күштері мен құралдары Қостанай қаласындағы тұрақты орналасу орнына қайтарылғаны хабаранған.

Ауылда су тасқыны қаупі толығымен жойылды.

Осыған дейін Қостанай облысындағы Қарамырза ауылында бірқатар үйлерді су басқаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар
Референдум