Қостанай облысының тұрғындары Қазақстан басшысын ЕҚЫҰ Саммитін табысты өткізуімен құттықтауда

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына ЕҚЫҰ Астана Саммитінің сәтті өтуіне байланысты құттықтау хаттар легі толассыз ағылуда,

Қостанай облысының тұрғындары Қазақстан басшысын ЕҚЫҰ Саммитін табысты өткізуімен құттықтауда

деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысының Жіті­қа­ра ауданынан хат жолдаған Е.Жа­қыпов, Л.Паневина, Ю.Кирдя­нкина, Н.Долгиер өз хаттарында ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі тарихи маңызы зор оқиға болғанын зор мақ­та­нышпен жазады.

Аталған облыс­тың Рудный қаласының тұр­ғын­дары А.Бейсенбаева, С.Романенко, Л.Тоқтабеков, М.Искаков жә­не Г.Баландина құттықтау хат­та­рында ЕҚЫҰ Саммитінің нәти­желі өтуі мен Астана Декла­ра­ция­сы­ның қабылдануы Елба­сының қа­жырлы еңбегінің арқа­сында мүм­кін болғанын атап көрсетеді.

Авторлар хат соңында Елбасын осы дәуірлік оқиғаны табысты өткі­зуі­мен құттықтап, алдағы уа­қыт­та да мемлекетімізді нығайту, елімізді дамыту жолындағы қыз­ме­тіне табыс, зор денсаулық тілейді.