Қостанай облысының тұрғыны 9-қабаттан құлап, мерт болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Полиция «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының тұрғыны 9-қабаттан құлап, мерт болды

WhatsApp желісінде мәйіттің жанында полицияның жұмыс істеп жатқаны түсірілген видео тарап кетті. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 2021 жылдың 20 мамыры күні Лисаковск қаласында болған.

«47 жастағы әйел 9-қабаттағы өз пәтерінің терезесінен құлаған. Қазіргі кезде осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды», - деп қысқа қайырды полиция.

Аталмыш фактіге қатысты «Өзін-өзі қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша соталды тергеу басталды.