Қостанай облысының тұрғыны экстремистік материалдарды сақтағаны үшін сотталды
«Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша Қостанай ауданының соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 2-бөлігі бойынша 70 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жауапкершілікке тартты», – деп хабарлады ведомстводан.
Жыл басынан бері діни қатынастар саласында барлығы 11 заң бұзушылық анықталды. Діни және экстремистік мазмұндағы материалдарды заңсыз сақтаудың, таратудың, сондай-ақ жарғыдан тыс діни және қоғамдық бірлестіктердің қызметін жүзеге асырудың 8 фактісі бойынша облыс соттары жалпы сомасы 1 млн теңгеге жуық айыппұл түрінде заң бұзушыларды жауапкершілікке тартты.
Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы өңір тұрғындарына күмәнді Интернет-сайттар мен топтардан алынған діни мазмұндағы материалдарды сақтамауды және таратпауды сұрайды.