Қостанай облысының тұрғыны қарасора көшеттерін өсірумен айналысқан
ҚОСТАНАЙ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Меңдіқара ауданында есірткі бинесіне қарсы күрес қызметкерлері үйінде қарасора көшеттерін өсірумен айналысқан 35 жастағы ер адамды ұстады.
ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл ағымдағы жылы құрамында есірткілік заттар бар болғандықтан мұндай өсімдіктерді заңсыз өсірудің, тыйым салынған күтіп-баптаудың бірінші анықталған оқиғасы.
Жедел-іздеу шараларының барысында күдікті азаматтың үйінің жатын бөлмесіндегі терезе алдындағы тақтайда пластмассалық ыдыстарға салынған 26 қарасора көшеті анықталған.
Күдіктіден ешқайда кетпеу қолхаты алынды.