Қостанай облысының тұрғынынан 4 келіден астам есірткі тәркіленді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары жедел-із кесу шаралары барысында аса көлемді есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қостанай облысы ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Көкнәр-2018» іс-шарасы барысында қаладағы техникалық қарау стансаларының бірінен 2 келіге жуық есірткі затын тәркілеген.

«Есірткіге қарсы күрес басқармасының мамандары қызметтік иттің көмегімен 28 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Күдікті 1 келі 816 грамм марихуана түйіншегін техникалық қарау орталығында бұзылып тұрған «ВАЗ-21013» көлігіне жасырған. Оның аталған стансада доңғалақ монтаждаушы болып жұмыс істейтіні анықталды. Ол өз кінәсін мойындап, есірткіні сату үшін сақтағанын айтты», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Тағы бір факт Қостанай қаласындағы КСК шағын ауданында тіркелді. Көлік тексеру кезінде 46 жастағы ер адам қамауға алынды. Ол көлігінде 2 келі 345 грамм марихуана сақтаған.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар