11:30, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Қостанай облысының жаңа прокуроры тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен Тимур Сүлейменов Қостанай облысының прокуроры қызметіне тағайындалды. Құқық қызметі органының жаңа басшысын ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов 1975 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін аяқтап, Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығында прокурордың көмекшісі қызметіне орналасады. Осыған дейін Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Өз кезегінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов прокурор жұмысына сәттілік тіледі.
Батыр Жолайұлы