Қостанай ревизорлары 5 млрд теңгенің заң бұзушылығын анықтады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Аймақ бойынша ревизиялық комиссияның төрағасы Әмірхан Асанов 2017 жылдың 7 айындағы қорытындыларды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
None
None

Қостанай облысы бойынша ревизиялық комиссия 10 аудиторлық шара жүргізу кезінде 91 нысанды тексерді. Аудит көлемі 59 млрд теңгені құрады. Соның ішінде 5 млрд 194 млн теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. Мәселен, қаржылық бұзушылықтар - 332 млн 835 мың теңге, рәсімді орындау тәртібін бұзушылықтар - 4 млрд 792 млн теңге, мемлекет активтері, бюджеттің тиімсіз қолданылуы 69 млн 300 мың теңге шамасында болды.  

Анықталған заң бұзушылықтар ішінен 332 млн 835 мың теңге қалпына келтіру және қайтарылуға жіберілді. Нәтижесінде 86,4 млн теңге қалпына келіп, 63,1 млн теңге бюджетке түсті. 

Соңғы жаңалықтар