Қостанай соты зейнеткерді өлтірген үшеудің ісін қарап жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық соты 64 жастағы зейнеткерді аяусыз өлтірген үш қала тұрғынына қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Іс материалдарына сүйенсек, қылмыскерлер зейнеткердің үйінде ішімдік ішкен. Олар үйде ақшаның барын білген. Сәлден соң ер адамдардың бірі үй иесіне пышақ салып алған. Мұнымен қоса пәтерге от қойып, өртеп жіберген.

Айыпталушы Оксана Дорожкина сот отырысында болған жағдайларды түгел баяндап берді.

«Басында тек қана ақшаны алып кетеміз деп ойладық. Түсінісбестік болып, зейнеткермен арада ұрыс-керіс басталып кетті. Қасымдағылар жәбірленушіні соққыға жықты. Сол уақытта үйдің ішін тінтіп, ақша іздей бастадым. Мен ұрлық жасағанымды мойындаймын, бірақ кісі өліміне қатысым жоқ. Заңсыз әрекетке баруға ер азаматтар итермеледі», - деді ол.

Айыптының бұл бірінші рет жауапқа тартылуы емес, осыған дейін оның 10 рет ұрлық жасағаны анықталды.

Бұзақылар ескі теледидар, ұялы телефон және 300 мың теңге ақшаны жымқырған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары дәлелдегендей, олардың тек ішімдік ішіп қана қоймай, есірткі тұтынғандары да анықталды. Дорожкинадан басқа екі күдікті қылмыстарын мойындамай отыр.

Соңғы жаңалықтар