Қостанай: Тәркіленген маскалар дәрігерлерге тапсырылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат –Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасына бірнеше мың медициналық масканы тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

2020 жылғы 5 мамырда Қостанай облысы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыстық денсаулық сақтау басқармасына 906732 медициналық масканы тапсырды. Бұл маскалар шекара бекетінде заңсыз тасымалдаушылардан тәркіленген болатын.

«Осыған дейін шекарада өткізу барысында Қазақстаннан Ресейге жол тартқан жүк көлігі ұсталды. Жүк салу бөлігінде шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз 906 732 медициналық маска және 6300 респиратор табылды. Алдын ала есептелген келтірілген залал сомасы 27 780 000 теңгені құрайды», - делінген Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз хабарламасында.

Айыпты тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 214-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар