Қостанай тасжолында үш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Кеше кешке «Қарабұтақ-Қостанай» автожолының 233-ші шақырымында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай тасжолында үш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

«Қамысты ауданындағы Бестөбе ауылынан 5 километр жерде 44 жастағы жүргізуші «DAF» автокөлігімен Қостанай қаласына қарай жол тартқан. Қозғалыс кезінде жүк көлігі жолды бөгеп қалды. Осы кезде 62 жастағы «Газ» автокөлігінің жүргізушісі жүк көлігін байқамай келіп соғады. Ал оған 53 жастағы жүргізуші басқарып отырған «UAZ Pickup» автокөлігі келіп соққан. Жол апатының салдарынан 62 жастағы жүргізуші Қамысты аудандық орталық ауруханасында дене жарақаттарынан көз жұмды», - деп ақпарат берді полиция департаментінен.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сот алды тергеу басталды.

Полиция ауа райының тез ауысып отыруымен байланысты жүргізушілерге жолда мұқият болып, жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіздік ережелерін орындап отыруға шақырды.