Қостанай театры астаналық балдырғандарды қуантқалы отыр

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 28 қыркүйек күні Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры астаналық көрермендерге өз қойылымын ұсынады.
None
None

Қостанайлық өнер ұжымы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Ян Вильковскийдің «Рим-тим-ти қонжықтың бастан кешкен оқиғалары» атты қойылым көрсетеді.

Бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы шеңберінде, Қостанай облысының Астанадағы күндері аясында өтеді. Елордалық кішкентай көрермендерге сыйлық ретінде бұл қойылым тегін көрсетіледі.

Сонымен қатар Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры аталған туындыны сол күні түстен кейін Астана қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленушілерге де барып көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры директорының орынбасары Қанифа Абғалимова мәлімет берді.

Қойылымның қоюшы режиссері Геннадий Иванов.

Соңғы жаңалықтар