Қостанай тұрғындарының әкімшілік айыппұлдары 500 миллион теңгеге жеткен
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – 2020 жылдың 9 айында Қостанай облысының сот орындаушылары мемлекет кірісіне 160 миллионнан астам теңге өндіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай тұрғындарының әкімшілік айыппұлдары 500 миллион теңгеге жеткен. Сот орындаушыларының өндірісінде 30 000-ға жуық іс қаралып жатыр. Кейбір өңір тұрғындарының қарызы бірнеше жылдан асып кеткен.
«Қостанай облысының жеке сот орындаушылары өткен жылдың қорытындысын шығаруда. Бірнеше ай бойы карантиндік шектеулер болғанына қарамастан, аймақ тұрғындары әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздарды жинады. Қостанайлықтарды ағымдағы жылдың соңына дейін aisoip.adilet.gov.kz сайты арқылы борышкерлер реестрінен тексеріп, қарыздарын жоюды сұраймыз. Есіңізде болсын, әр уақтылы төленбеген айыппұлға қарыз сомасының 25% көлемінде санкциялар қолданылады», - деп ескертеді Қостанай облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.
