Қостанай тұрғыны саяжай үйінде өртеніп кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат- Қостанайда саяжай үйі өртеніп, бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай тұрғыны саяжай үйінде өртеніп кетті

«Қостанай қаласының шетіндегі саяжай үйлерінің бірінен өрт шықты. Үйдің кіреберісі мен жазғы асханасы жанып кетті. Саяжай үйі маңындағы моншаның төбе жабындысы, ағаш еден, қабырғасы мен төбесін күйік шалды. Өрт сөндіру кезінде монша ішінен 1967 жылы туған әйелдің мүрдесі табылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала болжам бойынша, өрт саяжай үйінде қысқа тұйықталудан соң шыққан. Нақты себептері анықталып жатыр.