Қостанай тұрғыны ҰҚК-ге жұмысқа тұру үшін 420 мың теңге ұсынған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен Бақыт Үсенов бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Б.Үсенов ҚР Қылмыстық кодексінің екі бірдей бабымен: 190-бабының («Алаяқтық») 1-бөлігі және 367-бабының («Пара беру») 2-бөлігі бойынша айыпталды. Үсенов бір жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді.

2018 жылдың қаңтар айында Үсенов ҰҚК департаментіне жұмысқа орналасқысы келген Қостанай тұрғыны Зият Әбусағитовты 420 000 теңге мөлшерінде пара беруге көндірмек болған.

Кінәсі анықталған Б. Үсенов үкім оқылғаннан кейін сот залында қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар