Қостанай тұрғыны ұялы телефон үшін ауылдасын өлтіріп, үйін өртеп жіберген
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ауылдасының ұялы телефонын ұрлап, үйін өртеп жіберген 27 жастағы қостанайлық сот алдында жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 2018 жылдың қаңтар айында Әулиекөл ауданында болған.
«27 жастағы ер адам ауыл тұрғынының үйіне кіріп, ұялы телефонын ұрлап кетпек болады. Бірақ, жәбірленуші сынған терезенің дыбысынан соң оянып кеткен. Сотталушы оған тап беріп, басына бірнеше соққы жұмсайды. Ол өзінің қылмыстық ниетін одан әрі жалғастырып, әйелді тұншықтырып өлтірді», - делінген облыстық соттың хабарламасында.
Ауылдасының өліміне көз жеткізген соң сотталушы төсекті жағып жіберген. Мұнан соң қылмыс орнынан кетіп қалған. Өртеніп кеткен үй орнынан 76 жастағы әйелдің денесі табылды.
Фото: ptzgovorit.ru