Қостанай тұрғыны ыстан уланып, көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 1967 жылы туған әйел ыстан уланып, ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға Қостанай қаласында болған.

«Баймағамбетов көшесіндегі жеке тұрғын үйде пеш жапқышының жабылып қалуы салдарынан 1967 жылы туған әйел табиғи газға уланып, көз жұмды»,- дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Құтқарушылар тұрғындарды пешті қолданар кезде барынша сақ болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар