Қостанай тұрғыны жалған нөмірлі көлікпен жүріп келген

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жалған нөмірлермен көлік басқарған қостанайлықты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай тұрғыны жалған нөмірлі көлікпен жүріп келген

Тәртіп сақшылары Қостанайдағы Абай көшесінде «Mercedes-Benz» автомобилін  тоқтатады. Көлікті басқарған 36 жастағы тұрғынды тергеу барысында оның көлігіне жалған нөмірлерді ілгені анықталды.

 «Жүргізуші көлікті былтыр ғана сатып алғанын және салық құнының көптігін айтып ақталды. Сол себепті көлігін тіркеуге қоймаған», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Автомобиль айыппұл тұрағына жеткізілді.

Ведомствода мәлім етілгендей, облыста 5 қаңтардан бастап «Автоураган» көлік жылдамдығын тексеру жүйесі іске қосылды. Барлық ақпарат құпия түрде сақталып, ІІД-нің жүйеленген орталығына жіберіледі. Кейін, орталықтың мамандары ҚР ІІМ-нің мәлімет базасы бойынша айыппұлды жол ережесін бұзған көлік иесінің үйіне «Қазпошта» арқылы жібереді.

Аталған өлшеуіштер қаланың КЖБИ шағынауданы, Абай-Қазақ, Попович-Юбилейный, Карбышев-Сібір көшелерінің қиылысында, «Әуежай» ауданында, Қостанай-Затобол тас жолында, Қобыланды батыр даңғылында орнатылған.